«Nur Otan» партиясы жариялаған бастауыш ұйымдардың рөлін арттыру, белсенділігін дамыту мақсатында, республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы биыл да өз жалғасын табуда. Осыған орай «Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының ғимаратында «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының іріктеу кезеңі болып өтті.
Үздік бастауыш партия ұйымын анықтау, олардың жұмыс тәжірибесін барлық аймақтарда тарату, партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті және белсенді бастауыш партия ұйымдары төрағаларынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру және партия жұмысына қоғамдастықтың назарын аудару мақсатын көздеген байқауға облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Үміт Ибраймова қатысты.
Аталмыш іріктеу байқауын «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова ашып, жүргізіп отырды. Байқау ережесіне сәйкес, аудандық партия филиалында арнайы комиссия құрылып, барлық бастауыш партия ұйымдарының төраға - төрайымдарына байқау ережесі мен талаптары толықтай түсіндірілді.
Байқауға қатысушы бастауыш партия ұйымдары өз жұмыстарын слайдтар арқылы таныстырды. Комиссия мүшелері алдын ала зерделенген іс құжаттарына баға бере отырып, байқаудың негізгі жеті критерийлеріне тоқталды. Оның ішінде, «БПҰ жетекшісін бағалау» бағыты бойынша қатысушыларға партияның Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын білулерін назарға алды. Комиссия мүшелері байқау ережесінің №2 қосымшасы, бағалау әдістемесіне сәйкес, қатысушылар бағаларын 1-ден 5-ке дейін баллмен бағалады. Әрбір комиссия мүшесі бағалау парағын жеке толтырды және соңында өз қолдарын қойып, комиссия хатшысына тапсырып отырды.
Арнайы құрылған комиссия мүшелері «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының ережесіне, партиялық жобаларды іске асыруы, ішкіпартиялық жұмыстары, жаңа әдістерді пайдалануы, азаматтық бастамаларды іске асыруы, бастауыш партия ұйымы қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, жастармен жұмысы, бастауыш партия ұйымы жетекшісін бағалау әдістемесіне сәйкес жеті бағыт бойынша жұмыс жүргізіп, байқауға қатысуға ұсыным білдірген бастауыш партия ұйымдары арасынан жеңімпазды анықтады. Сонымен, комиссия мүшелерінің қабылдаған шешімімен мүше саны 100-ге дейінгі «Қостөбе», мүше саны 500-ге дейінгі «Мәдениет үйі», мүше саны 500 және одан астам партия мүшесі бар “Дана” бастауыш партия ұйымдары бірінші орындарды иеленіп, облыстық екінші кезеңге жолдама алды.
Пікір қалдыру