«Өрт қауіпсіздік айлығы» аясында Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының және Жамбыл облысы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мекемесінің қызметкерлері бірлесе отырып барлық білім беру мекемелерінде өртке қарсы объектілерді қорғау деңгейін арттыру және өрт сөндіру-құтқару ісін танымал ету бойынша профилактикалық жұмыстарын жүргізуде.
Осыған байланысты қалалық №1 мамандадырылған өрт сөндіру бөлімі және №4 өрт сөндіру бөлімінде мектептердің 9-10 сынып оқушылары үшін «ашық есік» күнін ұйымдастырды. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің шара барысында балаларды штаттан тыс жағдайларда дұрыс жүріс-тұрыс пен өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйретті.
Өрт сөндірушілер балаларға мектепте және тұрмыста өрт шыққан кездегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді, 112 шұғыл қызметтердің бірыңғай шақыру нөмірі, 101 өрт сөндіру қызметінің нөмірі туралы айтты. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер қаланың өрт сөндіру қызметінің тарихына тоқталды.
Мұндай шара Тараз қалалық №1, №15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және №4 өрт сөндіру бөлімінің аумақтарында да өткізілді. Аталған шара барысында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру мекемесі жарағындағы заманауи құтқару техникалары мен құтқару жабдықтарының көрмесі өткізілді.
Оқушылар экскурсия барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби жұмыстары туралы қызықты әңігемелерге қанық болды. Қысқа мерзім ішінде биік қабатты ғимараттарға шығу, тілсіз жаумен алысу айла-тәсілдері, өрт сөндіру және құтқару техникалары мен құрал-жабдықтары, үйінділер астындағы зардап шегушіні алып шығу, күрделі орындарға кіру тәсілдері оқушыларды тәнті етті. Барлық құтқару техникаларын тамашалаған балалар, өз кезегінде түрлі сипаттағы құтқару жабдықтары мен қорғау дулығаларын қызығушылықпен киіп көрді.
Сондай-ақ оқушылар сала бойынша арнайы мұражайға бас сұғып, өртке қарсы қызметінің құрылу тарихымен кеңінен танысты. Сонымен қатар бүгінде көненің көзіне айналған өрт сөндіру-құтқару жарақтарын қолдарымен ұстап көріп таңданыстарын жасырмады. Іс-шара соңында оқушылар Азаматтық қорғау қызметкерлерімен естелікке суретке түсті .
Пікір қалдыру