Жамбыл облысы Талас ауданында кешенді штабтық оқу-жаттығу өткізілді

/image/2019/09/23/crop-1_0_257x387_1568963315_70348113_725547787886311_4687594518797615104_n-696x463.jpg

«Жамбыл облысы азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған негізгі іс - шаралар жоспарына» сәйкес Талас ауданының басқару органдарымен, күштері мен құралдарымен «Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар қаупі немесе туындауы жағдайында басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің және халықтың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың бірінші күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Азаматтық қорғаныс облыстық және аудандық қызметтерінің өкілдерімен, ұйым басшыларымен басталды. Отырыс барысында жедел штаб басқару органдарымен «жоғары дайындық» жұмыс істеу режимінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға міндеттер қойылды. Сондай-ақ, аудандық буын басшы құрамының қайта тағайындау бойынша іс-шараларды орындауға дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды. Одан әрі шұғыл әрекет ету жасағының жиыны жарияланды, онда сапқа тұрғызылғаннан кейін жеке құраммен танысу, авариялық-құтқару жабдықтарының жарамдылығы, команда және құрамалар мүшелерінің функционалдық міндеттерін білуіне сауалнама жүргізілді. Оқу-жаттығу штабының бастығы подполковник Әсет Манасұлы Манасовтың қатысуымен радиацияға қарсы паналар, сондай-ақ халықты жасыру үшін пайдалануға болатын жертөле бөлмелерінің бар-жоғын қарау өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында оқу-жаттығу басшылығы штабының мүшелерімен ауылдық округ әкімдерімен, ауданның азаматтық қорғау қызметінің бастықтарымен, эвакптегі жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып директорларымен, сынып жетекшілерімен «Тараз қаласынан көшірілетін халықты қабылдау менооргандар мүшелерімен, Жедел ден қою жасағының командирі, барлық ти орналастыруды ұйымдастыру» «Жамбыл облысы бойынша «ДӘРМЕН» мобильді қосымшасы іске қосылды және «жылыту маусымына дайындық», «Тараз қаласы бойынша эвакуацияланған халықты қабылдау», сондай-ақ «TalasInvesCampany» ЖШС өндірістік объектісінде күшті әсер ететін улы заттардың шығарындысын ұйымдастыру және жою тақырыбы бойынша практикалық және теориялық сабақтар өткізілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар