Бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны артып келеді

/image/2019/09/23/crop-6_12_417x707_1ab391e2329035b66a254a08e237049a.jpg

Жамбылда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының спорт саласына қатысты тармақтары жүйелі орындалуда. Жлапы, өңірде спорт, оның ішінде бұқаралық спорт – ел ертеңі жастардың бойында ұлттық патриотизм қасиеттерін сіңіруге және жергілікті тұрғындарды Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев жүргізіп отырған сындарлы саясат маңына топтарстыруда айрықша орынға ие болып отыр.

Сондықтанда, облыс аумағында ұйымдастырылып жүрген спорттық шаралар – ұлт бірлігі мен мемлекет тұтастығына, өңірдегі татулық пен бірлікке, ынтымақ пен достықтың қалыпты орнығуының темірқазығына айналып отырғаны уақыт ақиқаты.

Бүгінгі күнге облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 333,9 мыңнанастам адамға немесе 29,6 пайызға жетті. Соның ішінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 147,4 мың адамды құрайды. Сонымен қатар, спортпен тұрақты шұғылданатын дене мүмкіндігі шектеулі адамдар қатары 2746 адамды немесе 7,9 пайызды құрап отыр.

Қазіргі кезде өңірде облыстың бай спорттық дәстүрін табысты жолға мол мүмкіндіктер жасауға барынша ықпал етіп отырған 48 спорт мекемесі бар. Олардың қатарында, спорт түрлері бойынша 6 спорт клубы, «Бұқаралық-спорттық шаралар өткізу орталығы», «Жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы», «Тараз-Арена» спорт сарайы, «Облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты»,Талас ауданындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені», Қордай ауданындағы «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» және 35 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері. Олардың 30-ы аудан әкімдіктерінің құзырында.

Жалпы, облыстың спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылған. Оның ішінде 24 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 7 ұлттық спорт түрі бар.

Облыстағы спорт мекемелерінде 25 068 спортшы тұрақты түрде спортпен шұғылданады.Облыстағы спорт мекемелерінде 925 оқытушы-жаттықтырушылар жұмыс атқарады, бұл алдыңғы жылға қарағанда 25 оқытушы-жаттықтырушыға артып отыр. Қазіргі таңда Тараз қаласы мен аудандарда барлығы 25 аула клубы ашылған.Оның ішінде 17 аула клубында спорттық секциялар спортпен айналысушыларға өз септігін тигізіп отыр. Аталған спорт секцияларында 41 жаттықтырушы 3000-нан астам спортшы – футбол, волейбол, баскетбол, асық ату, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы секілді бірқатар спорт түрлерімен жаттығады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар