Маңғыстау ауданында 1712 баланы қамтитын 26 мектепке дейінгі балалар ұйымы, 22 жалпы білім беретін мектеп, 1 кәсіби-техникалық колледж бар.
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітірушілердің 96,8 пайызы, яғни 446 мектеп бітірушінің 432-сі қатысты. Орта ұпай 85,8-ді құрады.
Биылғы жылдың өзінде екі жекеменшік бала бақша ашылып, бала бақшамен қамтылу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.
Ауданда үш ауысыммен оқитын мектеп жоқ. Алайда аудан орталығының халқының санының артуына байланысты Шетпе ауылынан 600 орындық бір мектеп және Бекі ауылынан 120 орындық орталау мектеп салу қажеттілігі туындап отыр.
2019 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 96 маманға 16,9 млн. теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді (70 айлық есептік көрсеткіш, 176 750 теңге). Сонымен қатар, 61 маманға тұрғын-үй сатып алуға 231 млн. теңге бюджеттік кредит берілген.
Денсаулық сақтау саласына келсек 22 мемлекеттік медициналық мекемелер халыққа қызмет көрсетеді, оның ішіне орталық аудандық аурухана, орталық аудандық емхана, 10 медициналық диспансер, 8 медициналық пункт, Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі кіреді.
Аудан бойынша 92 дәрігер, 283 мейірбике бар.
2019 жылы ана өлімі болған жоқ.
Жалпы аудандық орталық аурухана медициналық құрал жабдықтармен 80%-ға қамтылып отыр.
Сәби өлімі деңгейі 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2/3,2-ні құрап отыр, өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған. (2018 жылы – 7/11,2).
Туберкулезбен ауратындар саны 100 тұрғынға шаққанда қаңтар-тамыз айларында 9/25,9-ды құрады.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 497 отбасыға (2958 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 46,8 млн. теңге төленді. 71 отбасы табысын жасырғаны үшін қаржысын кейін қайтарады.
Пікір қалдыру