Салынып жатқан екі метро бекетіне қанша қаржы кетеді?

/image/2019/10/03/crop-16_5_418x743_105119.jpg
Метрополитеннің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы метросының екі жаңа стансасына 43,3 млрд теңге бөлінген, деп жазады LS сайты.
 
2019 жылғы бюджеттен 10,3 млрд доллар қарастырылса, 2020 жылғы бюджеттен 10 млрд теңге жоспарланған. Бұл қаржылар "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерінің құрылысына бағытталмақ.
 
"Метроның алғашқы желісін кеңейту аясында "Сарыарқа", "Достық", "Қалқаман" және "Батыс автовокзалы" бекеттері салынбақ. Метрополитенді дамыту мақсатында "Достық" бекеті мен "Қалқаман" бекеті арасында үшінші іске қосу кешені бой көтермек. Оның қаржыландырылуына жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде" делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар