Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаттықтың алғашқы жылдарынан білім саласын дамыту мәселесіне айрықша назар аударып, бұл бағытта баянды бағдарламалардың қабылдануына, кешенді шаралардың қолға алынуына ықпал етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұрпақ тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөліп, Үкіметке нақты тапсырмалар беруде. Президент «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да салаға серпіліс сыйлайтын қадау-қадау міндеттерді айқындады.
Қазіргі таңда Қордай ауданында бұл бағытта жемісті жұмыстар жүзеге асуда. 2019 жылдың 1-қазанындағы мәлімет бойынша аудан бюджеті есебінен қаржыландырылатын 48 мектепте 30462 оқушы және 9 мектептен тыс мекемеде 6507 бала білім алуда. 21 мемлекеттік балабақшада 2764, 40 жекеменшік балабақшада 3955, 7 шағын орталықта 340, 2 жекеменшік шағын орталықта 215, барлығы 7474 бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 92 пайызды, 3-6 жас аралығында 100 пайызды құрап отыр.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» бағдарламасы желісінде 2019 жылы 525 орынға 6 жекеменшік балабақша мен қосымша топтар ашылды.
Сонымен қатар 2019 жылы 14,5 миллион теңгеге 2 физика кабинеті, 30,3 миллион теңгеге Отар және Масанчи ауылдарында 4 IT сынып және 54,6 миллион теңгеге 10 жиынтық робототехника кабинеттері (№7,9,14,18,24,31,35,27,34,47 мектептерде) сатып алынды.
Бекітілген межеге сәйкес, мектептерде оқу кабинеттерін интерактивті құрылғылармен қамтамасыз ету үлесі 100 пайызға жоспарланып, нақты 87,2 пайызды құрады. Индикаторды орындау үшін жалпы 179,5 миллион теңгеге 359 дана интерактивті құрылғылар сатып алынды. Бірақ индикаторды толық орындау үшін 171 дана компьютер қажет. Жалпы керекті сомасы 85,5 миллион теңге. Қазір осы бағытта қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кету керек, Қордай ауданында білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға баса көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде аудандағы 3 мектептерге жалпы 392,6 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нақтырақ айтқанда №4 Больтрикрва атындағы орта мектебіне 136,5 миллион теңге, №32 Маяковский атындағы орта мектебіне 79,6 миллион теңге, №14 Қаракемер ауылындағы мектепке 176,5 миллион теңге бөлініп, мақсатты игерілді.
Пікір қалдыру