Ақмола облысының полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция полковниктері А.Сәдуов пен С.Жумалинаға қатысты ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігіне орай (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену) қылмыс жасағаны үшін ҰҚК-нің ведомствоаралық жедел тобымен бірге сотқа дейінгі іс қозғалды », - делінген хабарламада.
Қылмыстарды күдіктілер жыл бойы жасағандығы анықталды. Полиция полковнигі Сәдуов қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Асан Сәдуов 2018 жылдың сәуір айында облыстық филиал басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол аса маңызды қылмыстарды тергеумен айналысқан. Сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болған.
Сәуле Жұмалина ішкі істер органдарында 20 жыл жұмыс істейді. Оның жетеуі Ақмола облысы бойынша ДП қаржылық қамтамасыз ету бөлімін басқарған.
Пікір қалдыру