Жастар жылына арналған жарқын жоба

/image/2019/10/04/crop-20_13_826x1239_o4g0h9bonvm.jpg

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының «Жастар жылына» арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстың «Жаңғыру жолы» жастары республикалық «Елтану» туристік-өлкетану экспедициясы аясында Түркістан облысының тарихтан сыр шертер көне жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Шараға облыстық Ассамблеяның белсенді жастары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабының мүшелері, аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп және кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқушылары мен білімгерлері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, барлығы 50 адам қамтылды.

Экскурсияның басты мақсаты – Қазақстандағы жастар жылы аясында Түркістан, Жамбыл облыстарының белсенді жастарын Қазақстан президенті Жолдауы жүктеген міндеттерге жұмылдыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке негізделген қазақстандық патриотизм құндылықтарын ілгерлету болып табылады. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты еліміздегі ішкі туризмді қалыптастыру, өлке тарихымен және оның географиясымен таныстыру.

Көне Тараз шаһарынан ежелгі Түркістанға бет алған жастардың керуені жол бойында еліміздің оңтүстік астанасы саналатын шырайлы Шымкент қаласына тоқтап, жергілікті ассамблеяның жастарымен жүздесті.

Кездесу басында сөз сөйлеген Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсудқызы жергілікті ассамблея қызметкерелеріне алғысын айтып, жастарға жалынды сөздерін арнады. Сондай-ақ экскурсияның алдағы бағыт-бағдарларымен таныстырып, жастармен бірге атқарылып жатқан жұмыстың жүйесіне тоқталды. Кездесу барысында екі жақтың жыл бойы атқарылған жұмыстарының қорытындысы, Жолдауға қолдау білдірген жастар, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған челлендждің жалғасуы туралы ойлар мен пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, аталмыш челленжді ары қарай дамыту мақсатында Шымкент қаласының жастары жамбылдық жастарға эстафета жолдады. Жастар одан әрі шырайлы Шымқаланың қаланың «көрсе көз тоймас» жерлерін аралап, естелік-фотосессия ұйымдастырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар