Байыпты бағдарламаның лайықты нәтижесі

/image/2019/10/09/crop-13_13_571x889_6919c8d3296c27ae0ef9e8e51cbf3bf7_xl.jpg

Бүгінде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Тараз қаласында қыруар жұмыс атқарылуда. Бір ғана мысал, Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда 10 мың 300 отбасына арналған 280 көпқабатты үйлерді құрайтын 15-ші мөлтек ауданыңың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Қазіргі таңда 80 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұдан басқа 80 және 60 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысы жандануда. Сонымен қатар, 80 пәтерлі арендалық 11 тұрғын үйдің құрылысын бастауға қала бюджетінен 22,0 миллион теңге қаржы қарастырылды.

Аталған бағдарлама аясында, «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда болашақта соғылатын 14-ші мөлтек ауданында 5 460 отбасына арналған 9 және 12 көпқабатты 49 тұрғын үй жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары 2019 жылдың қыркүйек айында аяқталатын болады. Жалпы инженерлік инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын 2021 жылы толығымен аяқтау жоспарлануда.

Ал, аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде қаланы көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Атап айтқанда, бұрынғы «Атшабар» аллеясы «Жастар аллеясы» болып өзгертіліп, аталған аллеяда «Білім», «Қарахан – Айша бибі» стеллалары және заманауи су бұрқақтар орнатылды. Сондай-ақ, аллеяның ортаңғы бөлігінде ғаламтор желісіне үздіксіз қосылуға мүмкіндік беретін интернет-кафе бой көтерсе, аллеяға үлкен LED-экран қойылып, жаз мезгілінде концерттер мен кино көрсетілетін болады. Сонымен қатар, Жеңіс мейрамы қарсаңында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Даңқ залының» құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Қаланы көркейту жұмыстарын жалғастыру мақсатында, үстіміздегі жылы Төле би даңғылы бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейінгі сквері, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясын (арбат) абаттандыру мен «Көне-Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылатын болады.

Бұдан бөлек, Шахристан» тарихи кешенінде өлкетану мұражайының, көрме павильонының, «Руханият» орталығының, көркемдік бейнелеу өнері, қол-өнер шеберлері галереясының және «Ретро-фестиваль» амфитеатрының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы нысандармен қатар, тарихи кешеннің абаттандырылуы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары басталады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар