Таразда көпқабатты тұрғынүйлер күрделі жөндеуден өтуде

/image/2019/10/09/crop-9_6_334x581_6bf6f75dee36adfc1ed5fc30aadf461d_l.jpg

Қалаларда орналасқан көпқабатты тұрғынүйлерді жөндеу мәселесі көп жылдардан бері күн тәртібінен түспей келді. Шатырдан су ағып, жертөлелер істен шығып, жергілікті жұртшылықтың шамына тигені жасырын емес. Ал мемлекет жеке иеліктегі пәтерлерді қалпына келтіруге қаражат бөле алмайды. Дейтұрғанмен бұл мәселелер Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында оң шешімін таба бастады. Кейінірек бұл бағыттағы жұмыстар өңірерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде қарқын ала түсті.

Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша тұрғын үй қорына кіретін 1298 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде бір қабатты барак типтес 151, екі қабатты 205, үш қабатты 21, төрт қабатты 164, бес қабатты 732, алты қабатты 2, жеті қабатты 1, тоғыз қабатты 16, он қабатты 5, он екі қабатты 1 үй бар.

Кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасында 981 көп пәтерлі тұрғын үй тіркелген немесе 85,5 пайызды құрайды. Бүгінгі күнге жалпы 166 тұрғын үйлерді кондоминиум объектісі ретінде әділет басқармасына тіркеуді қажет етеді.

Қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлерге 939 құрал орнатуды қажет етеді. Бүгінгі күнге, жалпы 874 құрал орнатылған. Бұл 93 пайыздық қамтылуды көрсетеді. Оның ішінде: «Жамбыл-Жылу» МКК 90 құрал, «Теміржол-Жылу» МКК 19 құрал, «София» ЖШС 1 құрал, «Т.И.Батуров атындағы ЖГРЭС» АҚ 8 құрал және «ТаразТрансЭнерго» МКК 756 құрал орнатқан.

Жалпы, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй қорын қайта жаңғырту тетігін іске асыру басталған кезеңде, 516 кондоминиум нысандары күрделі жөндеуді қажет еткен болса, 2011-2015 жылдары республикалық бюджет есебінен жалпы 2 миллиард 158 миллион теңге қаражат бөлінген. Осы қаражат есебінен және 748,0 миллион теңге қайтарым қаражат есебінен 2011-2018 жылдары аралығында 221 үй жөндеуден өткен. Оның ішінде 114 үйге күрделі, 107 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ал, 2019 жылы қала бюджетінен 545,5 миллион теңгеге 19 үй және қайтарым қаражат есебінен 5 үй, яғни 24 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Атап айтқанда «Жайлау» мөлтек ауданындағы №2,5А,9 үйлер, «Каратау» мөлтек ауданындағы №14,29,33 үйлер; «Талас» мөлтек ауданындағы №12,14,18 үйлер толықтай жаңғыртылады. Сонымен қатар «Самал» мөлтек ауданындағы №31,49,25,50 үйлер; «Мыңбұлақ» мөлтек ауданындағы №51,53 үйлер; «Салтанат» мөлтек ауданындағы №18,30 үй; «Ақбұлақ» мөлтек ауданындағы №12,6 үйлер, «Қарасу» мөлтек ауданы №6 үй, «Алатау» мөлтек ауданы №12,49 үй, Рысбек батыр көшесіндегі 9 үйлер күрделі жөндеу көрмек.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша пәтер иелерінен қайтарылған қаражат 1 миллиард 291,9 миллион теңгені құраған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар