Атмосфераның ластануы бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып қала бермек. Ластанудың негізгі көздерінің бірі – ауаны ластаушы заттар мөлшері шамадан тыс асып кететін автокөліктер болып табылады.
Тараз қаласын аралау барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевке экологиялық нормалардың сақталуын бақылауды күшейту және атмосфераға автокөлік құралдарынан шығатын зиянды қалдықтарды азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Өңір басшысының тапсырмасы аясында ПД бастығы қазанның 8 мен 11 аралығында Облыстық экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мамандарын тарта отырып, «Таза ауа» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге бастама жасады.
Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізудің бірінші күні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 334-бабы талаптарының 40-тан астам бұзушылықтарын анықтады (шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану).
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
Пікір қалдыру