Қазақтың қалқаны- қазақ

/uploads/thumbnail/20170708190009823_small.jpg

Қытайда жатып, қаным басыма шапты... Менің бауырым – менің жерлесім, Орал қаласының  тумасы, өнердің ұланы, қылшылдаған 37 жастағы Сырым Мұратқалиевті ата-бабасының туған топырағында, Алматыда өзге ұлттың өкілі  Александр Кузнецов (27 жаста) деген, ұрып өлтірген. Ол тергеу жұмыстары барысында “өзімді қорғадым” деп, небәрі 1,5 жылға жеңілдетілген тәртіппен жазаланыпты.

Бауырым  қаза тапты. Өз ажалынан емес, кісі қолынан жан тәсілім етті.

Айтпақшы, кісі өлтірген әлгі қылмыс­кер Александр Кузнецовтың туысқан ата­сы Ішкі істер қызметінің генералы ек­ен. Барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ шұғыл қимылдап, мар­құм Сырым Мұратқалиевтің атын ал­дын-ала әдейі былғап-қаралап, сот басталмай тұрып-ақ оның жақтастарына қысым жасағаны­ның себебі белгілі болды. Осы жерде генералдың шені ықпал еткен болуы керек.

Жоқ! Біз бұған жол бермейміз! Жол берсек - бұл қасірет ертең әрбір қазақ­тың үйіне келуі бек мүмкін! Сондықтан Сы­рым Мұратқалиевтің әруағын қорламай, атын ардақтап-ақтап алуға бел шеше кіріскен қазақтың қайсар ұлы Мұхтар Тайжанды жүрегінде намысы өшпеген әрбір қазақ сөзсіз қолдауы керек!

Сонымен қатар, күні кеше ғана Қазақстан территориясында, өзбек шекарашы­сы­ның қолынан қаза тапқан, 7 баланың әкесі, менің тағы бір бауырым – Уәлихан Ахметовті жоқтап,  “Әр қазақ менің жалғызым” деп шырылдаған қоғам белсендісі Дәурен Бабамұратовты әрбіріміз қолдауымыз керек-ті!

...Ең алдымен, адам өлімі орын алған оқиғаның басты себепкері Александр Кузнецовтың ісін қазақ қоғамы жіті қадағалап, ауыр жаза алуына ықпал етуі керек! Қылмыскерді бостандыққа жіберген Алматы қаласының Медеу ау­дандық ІІБ-ның тиісті қызмет­керлері жұмыстан босап, жазалануы керек.

Екіншіден, қазақ қоғамында шовинистік пиғылдардың өріс алып ба­ра жатқандығын Ұлттық Қауіпсіздік Коми­теті терең зерделеп, мейлінше қатаң сүзгі жасап, әркімді өз орынына қоюға тиіс! Бүгін қимылдамасақ, ертең кеш бо­лады. Бұл сөзімізге дәлел – Ресей билі­гінің “Балтық жағалау елдерінің тәуелсіздігі - заңсыз”деген мағынадағы сандырағы!

Үшінші­ден, орыс басшы­лығы­ның көр­ген­сіздігін көзіне басқан Литва Пре­зиденті Даля Грибаускайтенің сали­қалы жауабынан кейін Кремльдің асы­рандысы Владимир Жиринов­скийдің өзгеше сайрап сала бергені.

Төртіншіден, Адам құқықтары жөнін­де­гі халықаралық бюроның қазақстандық бөлім­шесінің басшысы (бұрын өзі де адам өлтірген) Евгений Жовтистің қапыда қаза тапқан қазақ Сырым Мұратқалиевтің құқын аяққа таптап, қолына пышақ ұстаған орыс Александр Кузнецовтың құқын қызғыштай қорғау себебін қазақ қоғамы белсене қатысып, егжей-тегжейлі зерттеп, Евгений Жовтисті жауапқа тартуы тиіс. Бұл істің анық-қанығы расталғанша, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның қазақстандық бөлімшесін ХҰ тарапынан қаржыландыруды тоқтатып, есеп-шоттары уақытша жабылу керек.

Бесіншіден, мемлекетті құрушы ұлттың құқы аяққа тапталып, былығы мен шылығы тасып жатқан  қос істі алаштың  арда азаматы Мұхтар Шаханов басқаратын «Ұлттық кеңес» мықтап бақылауына алуы керек.

Мұхтар Тайжан бауырым айтпақшы: “...Сырымның ағасы сотта неге жалғыз тұрды? Бұндай жағдайда бір-бірімізге қолдау көрсетпесек, бұндай оқиғалар жалғаса береді. Ал егер бірлігімізді көрсете алсақ, келесі рет ойланар, “ай, мыналарға тиісуге болмайды екен”, деп. Сондықтан, кезекті соттың отырысына қаза тапқан жігіттің отбасымен бірге барып, моралдік қолдау көрсетейік, ағайын!”

Айналайын жан бауырларым, әр қазақ үшін қалқан болайық!

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Қатысты Мақалалар