"Balqarag`ai" фитобары дертке дауаны дәрілік шөптен іздейді

/image/2019/10/15/crop-19_8_543x929_fitobar.jpg

Тараз қаласында «Balqarag`ai» емдеу-сауықтыру орталығы жұмыс жасайды. Өңірдегі тұңғыш фитобарда тұтынушыларға арналып емдік өсімдіктерден дайындалған тағамдар мен сусындар, денсаулықты жақсартатын диеталық өнімдердің түр-түрі ұсынылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбылдықтардың жанына сая, дертіне дау болар бұл фитобарды ашу жобасын облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің идеясымен танымал кәсіпкер Қадырхан Абдуллаев қолға алды. Құрылыс жұмыстары 1 жылға жуық мерзімде аяқталған нысанның ашылу салтаны да Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келгенін көпшілік жақсылық балады. Сәйкесінше медицина саласының мамандары да фитобар ұсынатын сусындардың шын мәнінде адам денсаулығы үшін пайдалы екенін атап өтті.

–Фитобардың өз тұтынушыларына әзірлеген мәзірін негізінен емдік шөптерден жасалған тағамдар мен салаттар құрайды. Өз кезегінде мұндай тағамдар мен салаттар адам денсаулығына өте пайдалы. Соңғы жылдары әр түрлі созылмалы аурулармен диспансерлік есепте тұратын жамбылдықтардың саны артты. Ал медицина оларды емдеуде шипалы шөптерді қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Әрі «Balqarag`ai» емдеу-сауықтыру орталығына келгендерге емдік шөптердің қай түрін және қандай әдіспен қолдану қажеттілігін арнайы мамандар тағайындайды. Сонымен бірге мұндағы ем алушыларға терапевт, педиатр сынды білікті мамандар кеңес береді, –дейді облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жаманқұлов.

Фитобардағы емдік шараларңы тек сертификатталған және тәжірибелі мамандар әзірлеген шипалы шөптер ғана әзірленеді екен. Мұндағы емдік шөптерді отандық нарықтағы емдік шөптерді әзірлеу ісінің көшбасшысы саналатын «Зерде-Фито» фармацевтикалық компаниясы жеткізеді.

–Емдеу шараларына қолдану мақсатында бізге әкелінген әрбір шөпке зертханалық зерттеу жүргізіледі. Шикізатты қайта өңдеуге жіберу үшін зертханадағы зерттеуде оң нәтижеге қол жеткізілуі керек. Дәрілік шөптер дайын болғаннан кейін де арнайы мамандар олардың құрамын толық тексеріп барып сатылымға шығарады, –дейді «Зерде Фито» компаниясы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Мақсат Жұматаев.

Жалпы емдеу-сауықтыру орталығындағы емдеу шараларына 100-ден астам шөп түрі қолданылады. Орталықта тұтынушыларға сапалы қызмет ұсыну ісін 30-35 адамнан тұратын ұжым атқарады. Олардың көмегімен фитобарда бір тәулікте 150-200 адамға қызмет көрсетіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар