Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Владимир Зеленскийдің кездесуінің видеосы пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетсек, Токиодағы кездесу барысында Елбасы Владимир Зеленскийді Украинадағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
"Мен Украинадағы жайттарды үнемі қадағалап отырамын. Сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамаймын. Бұған Украинада 2 жыл оқығаным себеп бола алмайды. Ең басты себеп мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елдеріңіздің барлық президенттерімен жақсы таныспын", - деді.
Пікір қалдыру