Тағамдық аурулардың өршуіне жол берілген жоқ

/image/2019/10/23/crop-9_8_506x900_12_main.jpg

Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторлары бойынша өз жұмысын жүйелі жалғастыруда.

Биыл Жамбыл облысында тамақ объектілерінде, сондай-ақ балалар мен білім беру мекемелері мен емдеу-алдын алу ұйымдарының асханаларында шыққан тағамдық аурулардың өршуіне жол берілген жоқ.

2019 жылдың 9 айында үйде консервілеу өнімдерін қолдануға байланысты 7 зардап шегушімен ботулизмнің 5 жағдайы тіркелді. өлім-жітім жоқ.

Есепті кезеңде өнім сатып алу жоспар-кестесіне сәйкес жалпы сомасы 8 млн.780 мың теңгеге 168 сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бақылау сатып алу жүргізілді. 4367 азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар іріктеліп, оның ішінде 649 сынама Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеген.

Сонымен қатар департамент пен оның аумақтық басқармалары 2867 тексеру жүргізген. Оның ішінде 1855 тексеру ерекше тәртіп бойынша және 1012 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Ал өткен жылы 1639 тексеру жүргізілген болатын.

Тексеру барысында Департамент және аумақтық басқарма мамандарымен анықталған бұзушылықтар үшін 67 миллион 534 мың 650 теңге сомасына 1461 әкімшілік айыппұл салынған. Оның ішінде 65 миллион 451 мың 525 теңге сомасына 1447 айыппұл өндіріп алынды. Бұл 99 пайызды құрады. Заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдардың орындалмауы бойынша 39 хаттама, сондай-ақ объектілердің қызметін тоқтата тұруға 42 құжаттар жасалып, сот органдарына қарауға жіберілген. Жалпы 310 адам жұмыстан шеттетіліп отыр.

Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Б.Жарқынбековтың айтуынша, "Нұр Отан" партиясы аймақтық филиалдарымен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша өзара іс-қимыл жалғасуда. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар, құқық қорғау органдары, қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтар өкілдерінің, облыс кәсіпкерлерінің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мәселелері бойынша «Дөңгелек үстелдер», апта сайынғы «Ашық есік күндері», баспасөз конференциялары мен халықпен жиындар ұйымдастырылып келеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар