74,5 жұмысшының айлығы 30 пайызға ұлғайды

/image/2019/10/23/crop-11_47_545x968_enhbekaqy.jpeg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыру шараларын өз деңгейінде қолға алуды тапсырды. Президент тапсырмасын жұмыла орындауға кіріскен жамбылдық кәсіпорындар есепті кезеңде жұмысшылардың жалақысын 29 пайызға дейін ұлғайтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та өткен жылдағы халыққа арнаған Жолдауында ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттыра отырып, оның ең төменгі күнкөріс шегімен байланысты болмайтындығын атап өткені. Соған сай Елбасы төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы бастаманы еліміздегі ірі компаниялардың қолдайтындығына сенім білдіретіндігін айтқан еді. Аталған талаптардың үдесінен шығуға кіріскен 8192 жамбылдық кәсіпорында 74,5 мың жұмыскердің жалақысы орта есеппен 38,9 мың теңгеден 50,1 мың теңгеге дейін ұлғайды.

–Бұл бүгінгі таңда облыста жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 92,8 пайызын құрайды. Оның ішінде 95 ірі кәсіпорынның 92-сі 43 359 жұмыскердің жалақысына үстемеақы қосты. Ал, жеке меншіктегі 33 ірі кәсіпорынның 28-і кәсіпорны 13591 жұмыскерге жалақысын көтеру туралы бастаманы құптаған. Сондай-ақ 42орта кәсіпорын 3877 жұмыскерге, 8058 шағын кәсіпорын 27290 жұмыскердің еңбек ақысын ұлғайтты, –дейді облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Балабек Нарбаев.

Бұл орайда жамбылдық жұмыс берушілермен жалақы төлеу жүйесін реттейтін 4052 акті қабылданды. Оның ішінде 2433 бұйрық және 467 ұжымдық шартпен бірге 1134 үшжақты келісімдер, 3 хаттама және 15 ұжымдық шартқа өзгеріс енгізу және бір аумақтық үшжақты келісімдер қабылданған. Аталған келісімге бойынша кәсіпорындар белгілі бір міндеттелген талапқа сай жалақы табысын еселеп көтеруге күш салмақ.

Бүгінге, 42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын 24015 жұмыскердің еңбек ақысын көтеруге 3837 кәсіпорын қолдап білдіріп отыр. Қымбатшылық қос бүйірден қысқан шақта халық табысының артуы ең әуелі әлеуметтік жағдайдығ жақасара түсуіне септігін тигізеді. Әрі жұмыскерлердің мол табысы экономикалық өрлеумен бірге жергілікті бюджетке салықтық түсім көлемінің артуына да лайықты жағдай жасайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар