БАҚ-пен берік байланыс қашанда жергілікті атқарушы органдар жұмысын ілгерілетудің алғышарты саналады. Сондықтан да жүйелі жұмыстарды халыққа жеткізу, насихаттау, жемісті жобаларды жарнамалау шараларын ұтымды ұйымдастыра білу қажет-ақ. Бұл орайда, Жамбыл облысында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігі молынан пайдаланылып жатыр. Әсіресе Jambyl телеарнасында қолға алынған телевизиялық жобаларда жергілікті жерде атқарылған жүйелі жұмыстар көпшілікке өз деңгейінде насихатталуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритмдеріне сай облыс әкімінің барлық орынбасарларымен бірге Тараз қаласының әкімі, 7 аудан әкімі Jambyl телеарнасындағы «Әкімдік сағаты» бағдарламасына тікелей эфирге шығып, өздерінің басшылық етуімен атқарылып жатқан жүйелі жұмысты халыққа жеткізді. Телебағдарлама тікелей эфир форматында өткендіктен тұрғындар жауапты тұлғаларға телефон арқылы сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Сондай-ақ өңірдегі тарихи орындар жайында толық мағұлмат беретін «Жәдігер» телебағдарламасының да тарихи өлкенінің өткенін ұрпаққа танытудағы мақсаты айқын. Бүгінде Jambyl телеарнасының көрмермендері бұл бағдарламаның 8 шығарылымын тамашалап, оң бағасын берді. Ал Тараз қаласы мен аудандарды мемлекеттік саясат шеңберінде атқарылған жұмыстар «Жамбылдағы жаңа кезең» телебағдарламасында көрініс тапты. Күні бүгінге дейін аталған бағдарламаның шығармашылық ұжымы көрермендеріне облыстағы барлық аудандардағы жүйелі жұмысты көрсетіп үлгерді. 11 рет эфирге берілген бұл тележобаның да ел мен жерде атқарылған шаруадан хабардар етудегі рөлі зор болды. Сәйкесінше облыс әкімдігіне қарасты басқармаларда жасалынған жұмыс көрермен назарына «Жамбыл ақпарат» бағдарламасы арқылы ұсынылып келеді. Тележоба барысында көрермендер ауқымды мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың өңірдегі аяқ алысымен жақынырақ танысты. Сондай-ақ «Жамбыл облысына 80 жыл» бағдарламасында да өңір тарихына қатысты тұшымды деректер айтылды.
Аталған бағдарламалар республикалық ОҢ ТВ телеарнасынан да көрсетіліп жатыр.
Пікір қалдыру