Орыстар Ресейге көшіп жатыр...

/image/2019/11/15/crop-8_4_359x478_orystar.png

Әсіресе, Ресейге бет түзегендердің қатары соңғы кезде күрт көбейе түсті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетінің дерегіне сүйене отырып.

Соңғы тоғыз айда шетелге 34 мыңнан аса адам қоныс аударған. Бұл өткен жылғы есептен салыстарғанда  8 пайызға көп. 2018 жылы 31,6 мың адам көшін сыртқа қарай түзегені  белгілі.

Мамандардың зерттеуіне қарағанда, әсіресе Ресейге қоныс аударғандардың саны артып отыр. Соңғы тоғыз айда сыртқа кеткен 34 мың адамның 30,4 мыңы Ресейге көшіп кеткен көрінеді. Ал Ресейден қазақ елінен келгендердің саны 2,2 мың шамасында.

Ал сыртқа кеткендердің саны жөнінен екінші орынды немістер алады. Шамамен 2,1 мың адам Германияға қоныс аударған.  Ал Беларусь еліне 297 қазақстандық кеткен. Өзбекстанға -220, ал АҚШ-қа 190 қазақстандық қоныс аударған. Сонымен қатар, Қырғызстан, Израиль, Қытай, Түркия мен Канада еліне кеткендер де баршылық.

Соңғы 9 айдың көрсеткіштеріне назар аударатын болсақ, сырт елге негізінен қалада тұратын қазақстандықтар кетіп жатыр. Қоныс аударғандардың 28,8 мыңы, яғни 84,1 пайызы қалалықтар  екен. Ал ауылдық елдімекендерден шамамен 5,4 мыңдай адам кеткен.

Ал қай жақтан Қазақстанға көптеп келіп жатыр? Бұл орайда Өзбекстаннан келетіндердің шоғыры  көп болып тұр. Соңғы уақытта Өзбекстаннан 3 мыңға жуық, Ресейден 2,2 мың, Қытайдан 668 адам көшіп келген.  

Негізінен халық Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысынан көшіп жатыр. Олардың қоныстанған жері – Ресей аумағы.

...Бұл дұрыс та шығар. Олардың тарихи отаны Ресей ғой.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар