Ағымдағы жылдың 9 айында Шу ауданында жоспарлы жұмыстар атқарылып, барлық сала бойынша негізгі көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізіліп, оң динамика қалыптасқан. Нәтижесінде, 2019 жылыдың қаңтар-қыркүйек айында жалпы шығарылған өнім көлемі 80 млрд. 726 млн 500 мың теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 134,7 пайыз болды.
Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп саласының үлесі 10,7 пайыз,ауылшаруашылығы өнімі 49,6 пайыз, байланыс және көлік қызметі 0,5 пайыз, тауарларды, қызметтерді өткізу көлемі 21,4 пайыз, құрылыс 17,7 пайызболып отыр.
– Ауданның өнеркәсіп саласындағы өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 8 млрд 631 млн 4 мың.теңге, физикалық индекс көлемі 102,7 пайыз-ға орындалды. Өнім көлемі 2018 жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 3 млрд 955 млн 6 мың теңгеге артық орындалды.
Өнеркәсіп саласы ішінде кен өндіру және карьерлерді қазу өндірісінің нақты көлем индексі 102,4 пайыз (2018ж-100,9 пайыз) өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 102,8 пайыз (2018ж-111,3 пайыз), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау нақты көлем индексі 131,5 пайыз, су беру және су бұру нақты көлем индексі 92,2 пайыз орындалды.
Өнеркәсіп саласы ішінде: кен өндіру және карьерлерді қазу өндірісінің көлемі 3 млрд 514 млн 9 мың. теңге, өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 2 млрд 436 млн 3 мың теңгеге жоғары.
Су беру және су бұру көлемі 207 млн 900 мың. теңге, нақты көлем индексі 92,2 пайыз. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 24 млн 900 мың. теңгеге артты.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 3 млрд 83 млн 1 мың теңге, 2018 жылға қарағанда 1 млрд 124 млн 6 мың теңгеге жоғары орындалды, нақты көлем индексі 102,8 пайыз, – дейді аудан әкімі Жарылқасын Айтақов.
Десе де, электрмен жабдықтау көлемі 750 млн 700 мың теңгені құрап, өткен жылға қарағанда 69 млн 7 мың теңгеге төмен орындалған.
Ал, 2010-2014 жылдары «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы шеңберінде ауданда 3 жоба: «Компания A & T – Энерго» Тасөткел су электрстансасы, «Бірлік энерго» мұнай өнімдерін өңдеу зауыты, «Kaz Ir Agro» ЖШС сұйық май өңдеу зауыты және «Kaz miya» ЖШС мия тамырын өңдейтін зауыты жалпы 2 млрд 462 млн 4 мың теңге және 3 млн АҚШ долларын құрайтын 4 жоба іске асырылған. Аталған нысандарда 138 жаңа жұмыс орыны ашылып 2019 жылдың 9 айында бюджетке 25 млн 400 мың теңге салық түскен.
Пікір қалдыру