Назарбаев сайлауалды бағдарлама әзірлеуді тапсырды

/image/2019/11/25/crop-0_-20_531x935_nazarbaev.jpg

"Nur Otan" партиясының әрбір өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламасы әзірленуі тиіс. Бұл туралы "Nur Otan" партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 "Nur Otan" партиясының төрағасы әрбір өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламаның дайындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

"Келесі жылы аумақтарды дамытудың бес жылдық бағдарламасын жүзеге асыру аяқталады. Жаңа бағдарлама қабылдау қажеттілігі жаңа электоралдық циклмен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан жаңа бағдарлама әрбір өңір бойынша мәслихат сайлауына арналған партияның сайлауалды бағдарламасының негізі болуы тиіс. Мәжіліс сайлауындағы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына қатысты айтар болсам, онда Премьер-Министр саяси кеңес бюросының мүшесі ретінде бұл жұмысты жеке басқаруы қажет және қазірден бастап бұл бағдарламаны әзірлеуге кірісуі тиіс", - деді Қазақстанның тұңғыш Президенті.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар