Консультативтік-кеңесші органның міндеті – жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, міндеттерді іске асырудың тиімділігін талдау және қала жастарын дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Кеңеске іріктеу онлайн-дауыс беру арқылы жүргізіледі. Жастар кеңесіне өз кандидатураларын ұсыну құқығы тек Алматы қаласы жастар ұйымдарының өкілдеріне ғана тиесілі.
Тіркелу және қатысу үшін «https://almatyjastary.kz/» сайтында «Жастар кеңесі» айдарындағы «Тіркеу» бөлімінде өтінім қалдыру керек. Бүгінгі таңда жастар ұйымдарының өкілдерінен 47 өтінім келіп түсті. Жастар кеңесіне 18-ден 35 жасқа дейінгі 25 жас кіреді.
Өтініштерді қабылдау 2019 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.
Ескерте кетелік, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңеске өтініштер қабылдау 21 қарашада басталған болатын.
Пікір қалдыру