Ирактың солтүстігіндегі АҚШ-тың әскери-әуе күштері орналасқан "Балад" базасына шабуыл жасалды. Мұнда америкалық әскерилер тұрып жатты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі REUTERS сайтының дерегін негізге алып.
Ирак әскерилерінің мәліметі бойынша, жексенбіде базаға "Катюша" қондырғыларынан сегіз снаряд түскен. Олардың жетеуі ұшу-қону жолағына түскен. Ирактық 4 сарбаз, оның ішінде 2 офицер жарақат алған. АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі АҚШ персоналының зардап шекпегенін хабарлады. Шабуылды кім жасағаны әзірше белгісіз.
Пікір қалдыру