Қазақстанда коронавирусты жұқтырды деген күдікпен 33 адам тіркелді

/image/2020/02/04/crop-132_5_537x716_104339779000.jpeg

Коронавирустың таралуы: Қазақстан Ресей, Қырғызстанмен шекарада күшейтілген режим енгізбейді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, қазір жасанды толқулар туғызатын уақыт емес, көрші мемлекеттермен шекарадағы жағдай тыныш және бақылауда. Вирустың бар- жоғын тексеруге келер болсақ, министр барлық медициналық ұйымдарда онымен өту мүмкін еместігін түсіндірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Аурудың нақты себебін  тексеру тек арнайы зертханаларда тест жүргізу арқылы іске асады. Біртановтың мәліметі бойынша, қазір қазақстандық ауруханаларда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 33 адам тексерілуде. Олар дәрігерлердің қарауында, ал елге келгендердің саны үнемі бақылауда болады.

"Мемлекеттік шекараны кесіп өткендердің бәрі, соның ішінде Ресей мен Қырғызстан да бізбен бірге бақылауда болады. Біз үшін адамды үй жағдайында бақылау  әлдеқайда маңызды. Шекарада ол ауырып қалуы мүмкін, дегенмен оның температурасы қалыпты жағдайда" деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

 BBC келтірген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде вирусты жұқтырған 18000 адам тіркелген. Оның ішінде 17 мыңнан астамы Қытайда және көршілес елдерде. Ал 426 адам қайтыс болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар