Монғолия президенті коронавирусқа байланысты карантинге жатқызылды

/image/2020/02/28/072659471000.jpeg

Моңғолия президенті Халтмаагиин Баттулга және оның делегациясы 27 ақпанға қараған түні Қытайдан оралды. Енді олар 14 күнге карантинге жатқызылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі regnum.ru сайтының дерегін негізге алып. 

Басылымның дерегіне сүйенсек, Моңғолия президенті, Сыртқы істер министрі және Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің бастығы Баянзүрх ауданындағы екінші министрлік ауруханасына жатқызылды.  Ал делегацияның қалған өкілдерін Жаргаланттағы шипажайға жатқызған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар