Қырғызстанда экс-депутат Жапаровты қолдау митингісіне қатысқан бірнеше адам қамауға алынды

/image/2020/03/03/crop-94_8_557x742_2b7fb4c8-c2f3-4848-9a8d-b3e90d8c9090_w1023_r1_s.jpg

Сотталған қырғызстандық саясаткер Садыр Жапаровты қолдау митингісінен соң 166 адам ішкі істер басқармасына жеткізілген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтының дерегін негізге алып. 

"162 адам босатылды, төрт азамат қамауға алынды" делінген министрлік хабарламасында. Жаппай тәртіпсіздік бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, 3 наурызда митингті ұйымдастырушылардың бірі, экс-депутат Каныбек Осмоналиев пен акцияның бір белсендісі Д.А. ұсталды. Екеуі де тергеу абақтысында отыр.

Бір күн бұрын кешке Бішкектегі митинг құқық қорғау органдарының күшімен таратылды.

ІІМ мәліметі бойынша, жаппай тәртіпсіздік кезінде милицияның 24 қызметкерінің денесіне зақым келген.

2 наурызда Ала-Тоо алаңында сотталған саясаткер Садыр Жапаров жақтастары митинг өткізіп, биліктен экс-депутатты босатуын талап етті. Кешке қарай олар милициямен қақтығысып қалды. Құқық қорғау органдары оларға қарсы водомет пен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Садыр Жапаров 2013 жылы Қаракөлде митинг ұйымдастырып, губернатор Эмилбек Қаптағаевті кепілге алғаны үшін айыпты деп танылды. Саясаткер он жылға сотталды. Сол кезде митингіге шыққандар "Құмтөр" алтын кенін мемлекет меншігіне алуды талап еткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар