Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Павлодада бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Осылайша елде вирус жұқтырғандар саны 125-ке жетті.
⠀
Қазір Нұр-Сұлтанда – 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысы – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам анықталған.
Еске сала кетсек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылатыны хабарланған болатын.
Пікір қалдыру