Қазақстандық жүргізуші Челябинск обылысында жол апатынан қаза тапты. (Видео) (назар аударыңыздар, видеода бейәдеп сөздер кездеседі)

/uploads/thumbnail/20170708191557317_small.png

Челябинск облысында қазақстандық жүргізуші жол апатынан қаза тапты. Hyundai H1 шағын автобусы мен "ВАЗ-2108" автокөлігі жол үстінде Увельски ауданында соқтығысып қалды. 3 тамызда болған бұл жол көлік оқиғасы сол сәтте жолда кетіп бара жатқан көліктің видеотіркегішіне түсіп қалған. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Апат Челябинск–Троицк автожолының 70-шақырымында болған. Шағын автобустың тізгінінде отырған 60 жастағы қазақстандық жолдың қарсы бағытына шығып, 31 жастағы ресейлік жүргізуші  тізгіндеген көлікпен соқтығысты.

Полиция қызыметкерінің хабарлауынша: "Жол апатының салдарынан екі жүргізуші де сол жерде қайтыс болған. Автокөлікте отырған 18 жастағы қыз түрлі жарақат алыпты".  Бұл жол - көлік оқиғасы бойынша жедел-тергеу тобы жол апатының себептерін анықтап жатыр.

Гүлден ӘБДІБАҚЫТ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар