Ақтөбе облысы әкімдігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен бірігіп тұрғындар үшін коммуналдық қызметтердің тарифін төмендетуді бастады. Ақтөбе облысы әкімдігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен бірігіп тұрғындар үшін коммуналдық қызметтердің тарифін төмендетуді бастады.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысы тапсырған халықты әлеуметтік қолдау және қаржылық ауыртпашылықты төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар шеңберінде жасалып жатыр.
Коммуналдық қызметтердің тарифі наурыз айынан бастап төмендейді. Оның ішінде «Ақбұлақ» Акционерлік қоғамының қызметі қала бойынша 20 пайызға арзандайды. Ал электр жарығы үшін ақтөбеліктер 10 пайызға аз төлем жасайтын болады. Сондай- ақ аудан орталықтарында бірқатар коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер өз тарифтерін 50 пайызға дейін арзандатты. Шалқар, Алға, Мұғалжар, Кеңкияқ елді мекендерінде коммуналдық қызметтер бірқатар арзандайды. Атап өту қажет, сумен жабдықтау қызметі бойынша бірқатар аудандарда тұрақты түрде ерекше маңызы бар топтық және локалдық сумен жабдықтау жүйелері арқылы су беру бағдарламасы шеңберінде, мемлекеттік субсидияландыру қолданылады.
Сондықтан, көрсетілген төмендетулер оларға қолданылмайды. Сонымен қатар, осыған дейін коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге, берешек туындаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтатпау туралы ұсыным жалданған болатын.
Пікір қалдыру