«Nur Otan» аймақтардың тұрғындарымен тікелей эфир ұйымдастырды

/image/2020/04/29/crop--170_0_1000x1333_whatsapp-image-2020-04-29-at-5.49.25-pm.jpeg

Статистикаға сәйкес, талқылаудың басты тақырыбы Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорынан берілетін көмектің екінші кезеңі туралы болды. Сондай-ақ, сұрақтардың көпшілігі мемлекеттен 42 000 теңге төлем алу тәртібі, коммуналдық қызметтерді төлеу үшін берілетін көмекті алу механизмдеріне және басқа да әлеуметтік қолдау шараларына қатысты болды.

Мәселен, тұрғындармен онлайн-сұхбат барысында партияның Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова 200-ге жуық сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, аймақтағы 6 мыңнан астам отбасы «Birgemiz» қорынан 50 мың теңге көмек алса, ал мамыр айында қаражат тағы 8 мың отбасына берілмек. Олардың ішінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, бірінші топтағы мүгедектер, жетімдер, ҰОС ардагерлері және т.б. бар.

Коммуналдық төлемдер үшін берілетін 15 мың теңге өтемақын жайында шымкенттіктер сұрады. Атап айтқанда, қала тұрғындарының бірі бұл ақшаны пәтерді жалдаушылар ала ала ма деген сұрағын жолдады. Тікелей эфирде «Nur Otan» қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов дереу тұрғын үй департаментінің басшылығымен және қаланың тұрғын үй инспекциясымен телефон арқылы байланыс орнатып, онда олар өкінішке қарай, жалға алушылар бұл өтемақыны талап ете алмайтындығын түсіндірді. nur otan

Екі сағатқа созылған тікелей эфир барысында спикерге 3 мыңға жуық сұрақ қойылды. Сондай-ақ, «Birgemiz» қорынан берілетін төлемдер туралы сұрақ қойғандардың қатары да көп болды. Аталған төлемді алушылардың санаттарын түсіндіре отырып, Бахадыр Нарымбетов шымкенттік 22 мыңға жуық отбасыға материалдық көмек көрсетілгенін, ал тағы 20 мыңы жақын күндері алатынын атап өтті. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде 2 мыңнан астам мұқтаж отбасыға санитарлық қорғаныш құралдары мен азық-түлік берілді.
Нағыз рекордты Атырау облысының нұротандықтары орнатты. Мұнда партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың тікелей эфирін 30 мыңға жуық адам көрді. Ол көмек карантиндік шаралардың зардабын тартып отырған отбасыларға көрсетіліп жатқанын түсіндірді. Оны алушылардың тізімдерін әлеуметтік жағынан осал топтардың азаматтарын ұсына отырып, әкімдік пен әлеуметтік қорғау органдары жасады.

Ал Түркістан облысында тікелей эфир осымен екінші рет өтті. Облыс тұрғындарының әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтарының көптігін ескере отырып, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев онлайн-кездесуді әкімдік пен әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдерімен бірге өткізді. Түркістандықтар төтенше жағдайдың қашан аяқталатынына, қалаға кіріп-шығуға кімдерге рұқсат берілетініне қатысты сауалдарын ортаға тастады. Карантин кезінде көрсетілген әлеуметтік көмек үшін партия мүшелері мен демеушілерге алғыстарын жеткізген тұрғындар қатары да аз болған жоқ.

Өскемен мен Семейдің тұрғындары да «Birgemiz» қорына ризашылықтарын білдірді. Осы екі қаладағы 12 мыңға жуық отбасыға 620 миллион теңгеден астам қаржылай көмек көрсетілді. Тағы 17 мыңы осы аптада қаржылай көмек алады. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков атап өткендей, ақша екінші деңгейдегі банктер арқылы картаға немесе ағымдағы шоттарға аударылады. Бұл ретте банк комиссиясы алынбайды және осы ақшадан несие берешегін өтеу үшін ұсталмайды. nur otan

«Birgemiz» қорынан берілетін көмектің екінші кезеңінде Павлодар облысында қаржылай төлем алушылардың саны екі есеге артып, 14 мың отбасына жетті. Бұл туралы партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко тікелей эфир барысында айтты.

Өз кезегінде партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова барлық еріктілерге аянбай атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.

«Әр ерікті күніне 6-7 мекен-жайға барады. 2 мыңға жуық мұқтаж отбасы жеке қорғаныс құралдарымен және негізгі қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етілді. Бұл жұмысты партия мүшелері одан әрі жалғастыруда. Сонымен қатар, «Birgemiz» қоры Петропавлдағы 4 мыңға жуық отбасыға 50 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек аударды, ал осы айда тағы 8 мың мұқтаж отбасы қаржылай көмек алады », - деді ол.

Айта кету керек, «Nur Otan» партиясы енді онлайн-кездесулерді жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы тиісті хабарландырулар партия филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады. nur otan

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар