Өскеменде жетімдер үйінен шыққан әнші науқас баланың отасына ақша жинап берді

/uploads/thumbnail/20170708192145246_small.png

Қазақстанда өткен “Х-фактор” реалити-шоуының жеңімпазы, өскемендік әнші Евгений Выблов өз сөзінде тұрып, жеңіп алған қаражатының жартысын қайырымдылыққа жұмсады. Бұл туралы Нұр.кз сайытына сілтеме жасай отырып, "Қамшы" ақпараттық порталы хабарлайды. 

Әділ туыла салысымен ауыр сырқатқа шалдығып, осы уақытқа дейін 13 отаны басынан өткерген. Бүгінде ол Алматыдағы дәрігер мамандардың бақылауына алынды. Осы жағдайды өз көзімен көрген балалар үйінің дарынды түлегі Выблов 8 жастағы Әділ Көкеновтің денсаулығына қажет қаражатты төлеп берді.

Әділдің анасы Анар Тұрымова Выбловқа деген шексіз алғысын білдріп: “Өзі балалар үйінің түлегі болғанымен де, жетістіктері көп, көпке қашан да көмекке құштар.  Евгений менің сөнген үмітімді қайта жақты. Мәскеуден Әділдің отасы үшін келген оташы енді ешқандай отаның қажет болмайтынына сендірді,  – дейді.

Әншімен қоса, Әділге бірнеше өскемендік компаниялар қол ұшын беріп, нәтижесінде отаға $15 мың жиналды.

Алдағы уақытта Выблов мұнымен тоқтамай, жаңа тректер жазып, өзге орындаушылармен қайырымдылқ концертін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

 

Қатысты Мақалалар