Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев қысқаша үзілістен кейін Қазақстанның шексіз даласын жылжымалы үйімен аралауды жалғастырды. Ол өзінің сапарында көрген көріністерін Facebook желісіндегі парақшасына жазады, сол жерде өз толғанысымен бөліседі. Мысалы, депутатты жолдардың сапасы, кэмпингке жасалған жағдайлардың нашарлығы мен әдемі жерлердегі толып жатқан қоқыс толғандырады, - деген. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайытына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Автосаяхатты жалғастыра келе, кеше Қарағандыға аттандық, содан кейін Балқашқа тарттық. Балалар жолда бірден ұйықтап қалды. Таңертең ерте сағат 06.00-де шықсақ та, тас жолда көлік көп. Жолдың қарсы бағытына шығатын жергілікті көліктер жетерлік. Жолдың бойы жүк көліктерге толы. Мұның екі себебі болуы мүмкін: жол жабындысы сапасыз немесе көлік инспекциясы байқамай 25 тоннаға артық тиелген қытайдың 40 тонналық көліктерін тас жолға жіберген. Менің білуімше, олар карьерлерде жұмыс істеуге арналған. Біз жолдар көтермейтін жүктерді тас жолдар арқылы тасымалдап, өз құдығымызға өзіміз түкіреміз. Бір қолымызбен жасап, екінші қолымызбен бүлдіреміз", - деп өз ойымен бөлісті Бегентаев және өз толғанысын суретімен түйіндеді.

Мейрам Бегентаевтың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет
"Жол бойында көлік жүргізіп келе жатқанда сан ойлар мазалайды. Сол бойда мен мынаны ойладым жол дегеніміз кез-келген мемлекеттің күретамыры. Біз жолда бір-бірімізге жүргізушілік дәстүрмен көмегімізді көрсетеміз, жолда МАИ қызметкерлері тұрса, бір - бірімізге ескертуге тырысамыз. Бірақ бұл өзара көмек пе? Жақында бір оқиғаның куәсі болдым, бір беделді адам жылдамдықты асырғаны үшін ұсталған баласын ақтап алыпты. Ең сорақысы, жігіт босап шыққаннан кейін, 20 минут өткенде жол апатына түскен. Айтуынша, әкесі баласын өз қолыммен өлтірдім деп өзін жазғырады екен. Сондықтан жолдағы кезекті бір мажорды көріп, ата-анасына жаным ашып кетті", - деп жазды депутат өзінің парақшасында.

Мейрам Бегентаевтың Facebook желісіндегі парақшасынан алынған сурет
Одан әрі ол демалыс орындарындағы қоқыстардың мәселесі жөніндн сөз қозғады.
"Біз Балқаш көліне қарай жол тарттық! Демалысымыз төңіректі тазартудан басталды. Қасымызда демалып жатқандардың қолдау көрсеткенін айта кетудің өзі жағымды (тіпті үлкен қызым айналаны тазартты, біз оларға осылайша үлгі болған шығармыз?)", - дейді Бегентаев.
Депутат Челябинсктен келген туристермен Балқашта жолығыпты:
"Шаяндарды ұстағанша әңгімелесудің сәті түсті. Турсистер ол жерде үш күн бойы тұрып жатқан екен. Басында олар демалыс орындарының біріне тоқтапты, ал келесі күні ол жерден кетіп қалған. Сонымен қатар, Балқаш жағалауында олар да айналаны қоқыстан ұзақ тазартқан. Олардың алтауы ересек адамдар және төрт бала бар (үш отбасы - үш бауыр жұбайларымен және балаларымен). Айтуларынша, жағалаудан сыраның жүз шөлмегін теріп алыпты, олар бір қарудан атылған екен (жағажайдағы қоқыс тола болса, сұмдық қой!!!) Елім үшін қатты ұялдым, себебі олар біздің елге келген қонақ қой, оны өздеріне айтып, мойындадым да. Олар: "Ештеңе етпейді, мұндай көптеген жерде кездеседі", - деп жауап беріпті. Осылай деп аяқтады әңгімесін депутат.
Еске сала кетейік, депутат өзінің саяхаты турасында 23 шілдеден бастап әлеуметтік желі арқылы бөліскен. Содан бері ол барлық әсерімен әлеуметтік желі арқылы бөлісіп жүр.
