Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разактың хабарлауынша 29 шілдеде табылған ұшақ сынығы 2014 жылы 8 наурызда жоғалған Малайзияның МH 370 номерлі жолаушы ұшағы екені анықталды.

Наджиб Тун Разак 6 шілдеде журналистерге берген сұхбатында: " Халқаралық мамандар группасының мүшелері тексеру нәтижесінде табылған ұшақ сынықтары Малайзия авиация серіктігінің МH 370 номерлі ұшағы екенін дәлелдеді, Малайзия авиация серіктігінің МH 370 номерлі ұшағы жоғалғаннан бастап, 515 күн аралығында барлығы 26 мемлекет қатысқан зор көлемдегі құтқару және іздестіру шаралары жүргізілді, Халқаралық апаттан құтқару күні бүгінге дейін Үнді мұхитының аумағында кең көлемде іздестіру шараларын жүргізді",- деді.

Наджиб Тун Разак ұшақта қаза тапқан 239 адамның отбасына көңіл айту мен жұбату айтты. Ол Малайзия үкіметі атынан апаттың себебін анықтауға уәде берді.
Гүлден ӘБДІБАҚЫТ