2013 жылы “Қазақстан аруы” атанған Айдай Исаева жақында ана атанбақ. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы Нұр.кз-ке сілтеме жасай отырып хабарлайы.
2013 жылы Қазақстанның ең сұлуы атанған Айдай Исаева мен оның жолдасы Мақсат 2014 жыл сәуір айында шаңырақ көтерген еді. Айдай Исаева comode.kz-ке берген сұхбатында тойды өзінің екі қабаттығына байланысты бола ертерек өткзігендерін жасырмады:
“Мақсат екеуіміз 4 жыл бойы біргеміз. Біздің сезіміміз уақыт сынағынан өткен. Біз некемізді бұрыннан қиғымыз келді. Алайда маған келісімшарт бойынша сұлулық байқауынан кейін күйеуге шығуға рұқсат болмады. Сол себепті біз тойды тек тамызда өткізуді жоспарлаған едік. Алайда дәрігерден тұңғышымыз болатынын ести салысымен, тойды сәуірге жылжыттық”, – дейді Исаева.
Тіпті, Айдай өзінің аяғы ауыр екенін ұзақ білмей келген екен. Ол “Әлем аруы” байқауында жүктілік кезеңі басталғанын айтты.
“Мен жүкті екенімді ұзақ уақыт білмей келдім. “Әлем аруы” байқауына қатысып жүрген кезден бастап аяғым ауыр болып шықты. Бұл жаңалықтан есеңгіреп қалғаныммен, қатты қуандым. Жүкті екенімді естігенде, қуаныштан сол жерде жылап жібердім”, – деп ағынан жарылды ару.
Мақсат пен Айдай тұңғышының ұл-қыз болуын білмеуге бел буды. Кім дүниеге келсе де, аман-есен болғанын қалайтын жас жұбайлардың бүгінде қуанышында шек жоқ.