Мұнайлы ауданында 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады

/image/2020/06/03/crop-167_904_582x776_screenshot_20200603-130719_gallery.jpg

Мұнайлы ауданында 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев мәлімдеді.

Мұнайлы ауданы бойынша 2020 жылға арналған "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы шеңберінде іске асыруға ұсынылатын 9 жоба бар. Барлығына 1 841 784 мың теңге қарастырылған. Ашылатын жұмыс орын – 475 адамға есептелген. Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығы арқылы 225 адамға жолдама берілді.
Қазіргі таңда 8 жоба бойынша, келісім шарт жасақталды. Батыр ауылдық округіне қатқыл табанды /грейдер/ автокөлік жолын төсеу жұмыстарын жүргізу үшін жарияланған конкурсқа қатысушы мекемелердің ұсынған құжаттары толық болмауына байланысты аталған конкурс өтпей қалды деп танылып, қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы берілді.
«Қазіргі таңда 3 жоба бойынша электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы 26 - адамға жолдама берілді. Жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдарға тапсырыс берілді (Тоқ бағаналары, электр желілері, арнайы қосып ажыратқыштар, диоттық үлгідегі жарық шамдар)», - деді Н.Жолбаев.
Батыр ауылдық округіне 15-шақырымды автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстарына, жұмыспен қамту орталығы арқылы 48- адамға жолдама берілді. Қазіргі таңда, жолдың негізгі қабатын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Баянды ауылында орналасқан ескі мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарына жұмыссыздық есебінен 10- адам жұмыспен қамтылып, ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде Мұнайлы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлбақыт Ақниязова да 9 жоба бойынша айтып берді. «Атамекен ауылдық округіне 3-шақырым автокөлік жолының құрылысына жұмыспен қамту орталығы арқылы 3- адамға жолдама беріліп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиісті құжаттары әзірленуде», - деді Гүлбақыт Ақниязова.
Каспий су тұшыту зауытынан Батыр ауылдық округіне дейінгі 7,5 шақырым магистарльды су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құжаттандыру («КазАвтоДор» АҚ, арнайы байланыс, «КазТрансГазАймақ» АҚ-нан келісім алу) жұмыстары жүргізілуде.
Маңғыстау ауылынан жаңадан құрылысы салынатын тұрғын үйлерге газ желісінің құрылысына жұмыспен қамту орталығы арқылы 9 – адамға жолдама беріліп, құрылыс жұмыстарын бастау үшін құжаттары әзірленуде.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар