Оқу-тәрбие мәселесі қашанда өзінің өзектілігін жоймақ емес, алайда әр кезеңнің баланы оқыту мен тәрбиелеуде өзіндік ерекшеліктері бар. Барлық уақытта өзгермейтін нәрсе ол – бала бойына ізгі құнды қасиеттерді сіңіру. Барша қауым aлдындa, өзiнiң iciн, өмipiн жaлғacтыpaтын caлaуaтты, caнaлы ұpпaқ тәpбиeлeу мақсаты тұр. Осы тұрғыдан алғанда, педагогика ғылымдарының докторы Нұрсұлу Әлқожаева әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби бабамыздың еңбектерін терең талдап, ондағы құнды ой-пікірлерді оқулық, оқу құралдары, яғни оқу материалдарының мазмұнына енгізу керек деп есептейді.
Нұрсұлу Әлқожаеваның айтуынша, әл-Фарабидің ғылыми ой-толғаныстарына толы трактаттары («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» ) тәлім-тәрбиелік көзқарастары таптырмайтын рухани мұра.
– Ол, жанды дамыту керек, ол үшін тән саулығы қажет және жан мен тәннің иесі – жүрек деген пікірдің де авторы. Ғұлама - ғалымның, қайырымды, ізгі қала тұрғындары бақытқа ғылым, білім бір-біріне көмектесу, қайырымды әрекеттері негізінде жетуді көздеген болса, надан қала тұрғындары алдап-арбау, қулық арқылы жетуді көздейді, деген ойын анық байқауға болады. Жастарды, яғни болашақ ел иелерін тәрбиелеуде ата-ана, ұстаз, қоғам алдында саналы, әділ, шыншыл ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі басты мақсат болып табылады. Әл-Фараби, ата-анамен қатар, шәкірт тәрбиесінде ұстаздың рөлі зор екендігін айта отырып, шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ету үшін, бұл қасиеттердің алдымен ұстаздың өз бойында болуын атап көрсетеді, – дейді Нұрсұлу Әлқожаева.
Оның айтуынша, қазіргі кезде мұғалім статусы мәселесінде де ғұламаның пікірін басшылыққа алған жөн, яғни мұғалім беделі оның өзінің бойындағы ізгі қасиеттер мен білімділігінде.
– Ол адамның белгілі бір мінез-құлыққа ие болуына себепті нәрсе әдептілік деп біледі, оны тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен әсерлерді дарыту деген анықтамасынан көреміз және де бұл пікірден бір ұлтқа қатысты емес, барлық халыққа әдептілікті үйрету керек екенін түсінуге болады,– деді ол.
Сонымен қатар, ол әл– Фарабидің тәрбие, этика (әдеп) тұрғысындағы тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық, қайырымылық категориясы басты орын алатынын атап өтті.
– Бұл бірлестік әл-Фарабидің ізгілік идеяларының негізін құрайды, ақыл-ой, білімнің биік мәні оның адам ретіндегі қалыптасуы, деп дәріптеген. Сонымен қатар, әл-Фараби көркемдік, сұлулық туралы: өмір шандығының өзіне тән қасиетті, болмыстың, нақты құбылыстардың әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі, деген. Педагогикада тәрбиелеуде бірнеше ұстанымдар бар екені белгілі, көптеген ұстанымдардың негізін қалаған әл-Фараби деп, толық айта аламыз. Жоғарыдағы ұстаздың өзінің бойында ізгі-қасиеттердің болуын талап ету - тәрбиенің үлгі көрсету ұстанымы, – дейді доцент.
Негізінен алғанда, әлeмдeгi бiлiм бepудiң дaму тeндeнцияcы нeгiзгi төpт жaғдaйды: бipiншiдeн бiлiм бepудiң қaзipгi жaғдaйын capaлaу; екінші, бiлiм бepу дaмудың aлғы шapтынa aйнaлуы; үшінші, oқу-тәpбиe iciнe қoлдaу көpceту; төртінші, иннoвaциялық әдicтi кeңiнeн қoлдaнуды басшылыққа алып дамиды. Бұл мәселенің қай-қайсысы болмасын әл-Фараби еңбектерінен орын алған, айтып отырған жүйелілік ұстанымына сәйкес келеді.
– Әл-Фараби өзінің философиялық трактатында менің мақсатым, адамды іс-әрекетке тарту ал, ол үшін оның сезімін ояту қажет деген екен. Ол оқыту, тәрбиелеу барысында шәкірттің білім деңгейін, ойлау қарқынын, еске сақтау мүмкіндігін және дербестігін ескеруді басты парыз санаған, бұл педагогикадағы оқыту, тәрбиелеу ұстанымдарының өзегі десек те болады.Оқыту теориясында «нені оқыту», «қалай оқыту» керек деген сұрақтар шешімін табады. Осы тұрғыда да біз әл-Фарабидің нақты шындықты, ізгілікті үйрету керек, оны қоғам талабын ескере отырып оқыту қажет, деген тұжырымдарына сүйенеміз, – дейді ол.
Нұрсұлу Әлқожаеваның пікірінше, қазіргі педагогика, кешегіден көп өзгеріске ие, алайда әл-Фарабидің тұжырымдары жаңа педагогиканың туындауына себепші бола алады, сол себептен де «Әл-Фараби педагогикасы» жазылып, білім саласына енгізілуі керек.
– Әл-Фараби тәрбиенің барлық бағытын қамтыды, атап айтсақ ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, дене, эстетика, құқықтық, экономикалық, еңбек т.б. Мысалы еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбек адамның жан-жақты дамуына ықпал етеді, адамзат баласы ақыл-ойымен қатар физикалық тұрғыдан да дамуы тиіс деп санаған және оған еңбек тәрбиесінің ықпалы зор, деген тұжырымдар жасаған. Әл-Фараби «еңбек ету, сапалы болу, адамгершілік, ақылдылық табиғаттан туындауы қажет, – деген ғылыми тұжырым жасады. Оның бұл пікірі тәрбиедегі табиғатпен байланыс ұстанымының негізі, деуге дәлел болады.Сонымен біз оқу-тәрбиедегі кеңінен қолданып жүрген ұстанымдардың үлгі көрсету, жүйелілік, әр баланың білім деңгейін ескеру, ойлау қарқынын, еске сақтау мүмкіндігін, дербестікті ескеру, табиғатпен байланыс ұстанымдарының негізін қалаған әл-Фараби деп айтуымызға толық мүмкіндік бар,– деп қортындылады Нұрсұлу Әлқожаева.
Пікір қалдыру