Алматы қаласының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт салынады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтереді. Мешіт бір мезгілде жеті мың мұсылманды қабылдай алады. Қаладағы ең үлкен діни ғимарат ағарту һәм рухани жер ғана емес, мегаполистің архитектуралық маржандары арасында да лайықты орынға ие болады, – деді шаһар басшысы.
Пікір қалдыру