Маңғыстау облысының әкімі бас мүфтиді қабылдады

/image/2020/06/08/crop-68_876_727x969_screenshot_20200608-122116_gmail.jpg

Маңғыстау облысының әкімі бас мүфтиді қабылдады.

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Кездесу кезінде тараптар өңірдегі діни ахуал жайлы сөз қозғап, дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызын талқылады. Сонымен қатар жастар арасында діни оңалту жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселесі де назардан тыс қалмады. Серікбай Өтелгенұлы ізгілік жолындағы бастамалар мен игі қызметте жүрген имамдарды қолдау ортақ іс екенін жеткізді.
-"Маңғыстау облысындағы діни ахуал - менің жіті назарымда. Сондықтан осы өңірдегі имамдардың білімін шыңдап, тәжірибесін арттыруға маңыз беріп келемін. Ендігі мақсат - елдің игілігі мен халықтың болашағы жолында бірлесе отырып қызмет ету. Осы бағытта сіздермен ынтымақтаса отырып, ортақ шараларды атқарудың маңызы ерекше", - деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Кездесу соңында тараптар діни саладағы жобаларды жүзеге асыруға, діни оңалту шараларында ынтымақтастық танытуға уағдаласты.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар