Бейнеу ауданында 32 көп қабатты тұрғын-үй жөндеуден өтеді

/image/2020/06/09/crop-47_317_1490x1007_screenshot_20200609-173732_gmail.jpg

Бейнеу ауданында 32 көп қабатты тұрғын-үй жөндеуден өтеді.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әзірханов айтты.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы аясында Бейнеу ауданында құны 2 млрд. 48 млн. 451 мың теңге болатын 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланды, оның ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша құны 2 млрд. 38 млн. 51 мың теңге болатын 12 жоба, облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша құны 10,4 млн. теңге болатын 1 жоба. Жобалардың ішінде 5 жоба инвестициялық жобалар (құрылыс жұмыстары), құны 986,4 млн. теңге, 8 жоба орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары, құны 1 млрд. 62 млн. теңге. Жобаларды жүзеге асыру кезеңінде аудан көлемінде 551 жаңа жұмыс орындары құрылады. Барлық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралары толықтай аяқталды. Әлеуетті өнім берушілердің 85% жергілікті шағын кәсіпкерлік өкілдері.
-«Аудан орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің шатырын және қасбетін жөндеу 2019 жылғы 26 желтоқсандағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңдылыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін мүмкін болып отыр. Аудан орталығындағы көп қабатты үйлердің алғашқыларының пайдалануға берілгеніне 40-45 жылдай уақыт өтті, бұл уақыт аралығында көп қабатты үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ, қазіргі уақытта көп қабатты үйлер шатырларының тозығы жеткен, жауынды күндері су өту мәселесімен қатар, қауіпсіздік және көше келбетін бұзу мәселелері де бар. Әкімнің есеп беру кездесулерінде де, әлеуметтік желілерде де, жеке қабылдауда да халық тарапынан бұл мәселе жиі көтерілетін өзекті мәселелердің бірі ретінде қаралатын. Көп қабатты тұрғын үйлердің шатырын және қасбетін ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 4 жобада 32 көп қабатты тұрғын үй қамтылады. Жобалардың нәтижелі жүзеге асырылуымен аудан орталығындағы барлық көп қабатты тұрғын үйдің шатырлары замануаи түрлі түсті темір шатырларға ауыстырлатын болады»,-деді Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әзірханов.
Аудан орталығында салыстырмалы түрде газдандыру, электрлендіру, ауыз су мәселесі шешілген. Ендігі өзекті мәселенің бірі автомобиль жолдарын жөндеу. Сол себепті жол картасы бағдарламасына бөлінген қаржының үштен бір бөлігін автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына бағытталған. Автомобиль жолдарын орташа жөндеу, жаңа жолдар салу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асатын болады.
Сонымен қатар Ақжігіт, Есет ауылдарына электр желілерін тарту жұмысы, аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратын жөндеу жұмысы және Тәуелсіздік алаңын абаттандыру жұмыстары бар.
-«Өздеріңіз білетіндей келесі жылы Тәуелсіздік туының көтерілгеніне 30 жыл толмақ, соған орай аудан орталығындағы Тәуелсіздік алаңын абаттандыруды, брусчатка төсеу жұмыстары қосылған болатын. Жол картасы бағдарламасы аясында жүзеге асрылатын жобалар ішінде абаттандыру бағытына бағытталған тек осы жоба, қалған жобалар халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жобалар»,-деді Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әзірханов.
Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша жұмыстар басталды. 551 жаңа жұмыс орындары құрылды. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 275 контингент міндетті жұмысқа тартылу қажет. Қазіргі таңда тартылған контингент саны 279, жоспар 101,5 процент орындалды. Жұмысқа тартылған азаматтардың бір айлық жалақысы 85 - 150 мың теңге аралығында. Сексен бес мың теңге жалақы ең төменгі лауазым иелері кіші жұмысшыларға белгіленсе, тиісті маман лауазымынан жоғары барлық мамандықтардың жалақысы 150 мың теңгеден төмен емес. Кіші жұмысшыларға сексен бес мың теңге жалақы белгіленудің басты себебі аудандағы жалақы төлеу тепе-теңдігін сақтау мақсатында, өйткені ағымдағы кезеңде бір айлық жалақысы 42,5 мың теңге болатын қоғамдық жұмыстарға 418 контингент тартылған болса, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардағы қарауыл және жұмысшы лауазымдарының жалақысы, сәйкесінше 67 және 55 мың теңге, бір ставкамен қызмет атқаратын мұғалім жалақысы 113 мың теңге болса, жетекші маман - мемлекеттік қызметші жалақысы 145 мың теңге.
Әлеуетті өнім берушілермен жалақының көлемі жөнінде, сонымен қатар жұмыспен қамту орталықтары арқылы жіберілетін контингент саны жөнінде күрделі мәселелер жоқ.
Мамыр айына Жол картасы бағдарламасы бойынша жоспарланған қаржы 450272,0 мың теңге, игерілген қаржы 450272,0 мың теңге, жоспардың орындалуы 100 %.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар