Атырауда коронавирус инфекциясынан 5 әйел қайтыс болды

/image/2020/06/23/crop-154_8_697x929_2020050615245363171_minzdrav-rk.jpg

Атырау облысында коронавирус індетінен бес науқас қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, соңғы бес күнде қайтыс болған науқастар – 1978, 1976, 1960, 1943, 1963 жылы туған әйел адамдар.

Атырау қаласының 42 жастағы тұрғыны екінші облыстық аурухананың реанимация бөліміне 18 маусымда екіжақты полисегменттік ауыр түріндегі пневмониямен келіп түскен. Науқас медициналық мекемеге "тік ішектің қатерлі ісігі" диагнозымен жеткізілді, бұрын химиотерапияның үш курсынан өткен. 19 маусымда пациенттің жағдайы нашарлап, 22.30-да қайтыс болды. Науқасқа қойылған диагноз: коронавирусты инфекция, септикалық шок, полиорган жеткіліксіздігі.

12 маусым күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласының 44 жастағы тұрғыны екінші облыстық аурухананың инфекциялық стационарына ауыр халде жеткізілген. 14-ші маусымда науқастан коронавирус анықталып, 22 маусым күні сағат 21.30-да жағдайы күрт нашарлап, клиникалық өлім диагнозы қойылды.

21 мусымда Атырау қаласының 60 жастағы тұрғыны ауыр халде пневмониямен екінші облыстық аурухананың инфекциялық стационарына жеткізілген. Науқаста созылмалы аурулар және артериялық гипертензия мен 2 типті қант диабеті болған. Ауруханаға түскенде пациенттің жағдайы өте ауыр болғаны анықталды. 22 маусымда науқастың жағдайы күрт нашарлап, таңғы 06:10-да көз жұмды. Өлімнің себебі: жіті жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жетіспеушілігі, ағзаның уыттануы, ауыр түрдегі екіжақты полисегменттік пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі. Анықталған диагноз-коронавирустық инфекция .

18 маусымда Атырау қаласының 77 жастағы тұрғыны жұқпалы аурулар стационарына екіжақты полисегменттік пневмония диагнозымен келіп түскен. 22 маусымда зейнеткердің жағдайы күрт нашарлап, 22 маусымда сағат 10.30-да клиникалық өлім диагнозы қойылған. Өлімнің себебі: өткір өкпе-жүрек жеткіліксіздігі. COVID-19 диагнозы анықталды.

22 маусымда Жылыой ауданының 57 жастағы тұрғыны. Бұрын ЖРВИ симптомдарымен тұрғылықты жері бойынша емханаға барған. Науқастың басқа адамдармен байланыста болғаны анықталып, 23 маусымда коронавирустан қайтыс болған. 

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясынан жалпы 14 науқас көз жұмған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар