Тұңғыш президент паркінде самокат пен велосипед тебуге неге тыйым салынды? Бұл сұраққа Алматы әкімшілік полициясының басшысы Жандос Мұраталиев жауап берді.
Instagram желісінде rozysk_kz парақшасындағы тікелей эфир кезінде әкімшілік полиция басқармасының басшысына Тұңғыш президент паркінде самокат пен велосипед тебуге неге тыйым салынғаны туралы сұрақ қойылған болатын.
Оның айтуынша, шектеу жазатайым оқиғаларға байланысты енгізілген.
– Бұл аумақ көлік жүретін бөлік емес және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар санатына жатпайды. Сондықтан, бұйрықты аудан әкімдігі немесе қызмет көрсету ұйымы белгілейді. Шектеу балалар мен басқа жаяу жүргіншілерді самокатпен құлатып кету сияқты жазатайым оқиғаларға байланысты енгізілді. Осыған байланысты велосипед жолы алынып тасталды. Қазіргі уақытта электросамокаттар жылдамдығы сағатына 30-40 шақырымға жүретінін білесіздер. Қатты айдаған кезде жаяу жүргінші, не жүргізушінің өзі зардап шегуі мүмкін, – деді Мұраталиев.
Пікір қалдыру