1 млн 661 мың қазақстандыққа 42 500 теңге біржолғы төлемі берілді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
"24 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 661 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 594 мың қазақстандыққа аударылды" делінген хабарламада.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 миллионнан астам өтінімнің ішінде:
– 801,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 499,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram-боттар арқылы;
– 226 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 494,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 801,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 137,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 82 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Пікір қалдыру