Коронавирусты өлтіретін маска жасалды

/image/2020/07/26/crop-4_27_348x668_8df12cf7d2af4be29f1b5ab002586e74.jpg

Лиссабондағы Молекулярлық медицина институтының ғалымдар тобы коронавирустың бөлшектерін бейтараптандыратын қорғаныс маскасын жасады. Бұл туралы La Razon жазды.

Бұл маска бірнеше су өткізбейтін қабат пен арнайы жабындысы бар матадан жасалған.

– Маскада SARS-CoV-2 вирусын матамен байланысқан кезде залалсыздандыратын инновациялық жабын бар, – деп түсіндірді вирусолог Педро Симас.

Сондай-ақ ол масканы 50 рет жуғанның өзінде вирусқа қарсы қасиетін сақтайтынын атап өтті.

Сынақтан өткізу кезінде зерттеушілер масканы коронавирус молекулалары бар ерітіндіге батырған. Артынша вирустың 99%-ы бір сағаттан кейін қасиеттерін жоғалтқан.

 

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар