Мәжіліс депутаттары Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясын өткізді

/image/2020/07/31/crop-21_43_558x991_whatsapp-image-2020-07-31-at-17.47.55.jpeg

Бүгін бүкіл әлем мұсылмандары атап өтетін Құрбан айт мерекесінде Мәжіліс депутаттары еліміздің әр аймағында коронавирус індетінің салдарының қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қайырымдылық шараларын өткізді.

Қасиетті мерекеде депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасылар мен қарттарға азық-түліктер мен қажетті заттар мен жеке қорғаныс құралдарын жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс депутаттары Берік Оспанов, Асылбек Смағұлов және Нұржан Әлтаев мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

қайырымдылық акциясы

Олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен бірге қарттар мен көпбалалы отбасыларға барып, азық-түліктер мен құрбандыққа шалынған малдың еттерін берді.

Мәжіліс депутаттары бұл күндері тек ірі қалаларға ғана емес, облыс орталықтары мен шалғайдағы елді мекендерге де барды. «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев елордадан 160 шақырым жерде орналасқан Ақмола облысының Ерейментау ауданында болды. Мәжілісмен 30 отбасына азық-түлік пен қажетті тауарлар жеткізді. Сонымен қатар, А.Перуашев аудандық аурухананың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлерімен кездесіп, ауруханаға дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын сыйға тартты.

Сонымен қатар, қайырымдылық акцияларына Мәжіліс депутаттары «Халықтық коммунистер» фракциясының атынан Айқын Қоңыров пен Жамбыл Ахметбеков те белсенді қатысты. Мәжілісмендер «Шапағат» жобасы аясында көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге, сондай-ақ балалар үйінің бұрынғы түлектеріне азық-түліктей көмек көрсетті.

Мәжіліс депутаты Абзал Ералиев Қызылорда облысындағы көптеген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетті.

Көрсетілген көмекке ризашылық білдірген өңір тұрғындары қазақстандық қоғамның басты құндылықтары – бейбітшілікті, келісім мен бірлікті және бір-біріне құрмет пен қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Айта кету керек, Құрбан айт мерекесі аясында қайырымдылық акциялары Мәжіліс депутаттарының есебінен ұйымдастырылды.

Іс-шаралар барлық санитарлық нормалар мен карантин ережелерін қатаң сақтай отырып өткізілді.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар