"Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанған" делінген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 2 тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды.
9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады.
Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықтауда" делінген комитет таратқан ақпараттық хабарламада.
Пікір қалдыру