Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бір тәулікте 6 адам коронавирустан, 5 адам пневмониядан көз жұмды.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 589 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 бала бар. Стационарларда 2 839 науқас жатыр. 2 750 адам амбулаториялық жағдайда емделуде" делінген министрлік хабарламасында.
Науқастардың арасында 148 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 16 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 25 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Қазақстанда өткен тәулікте 433 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.
Пікір қалдыру