«Ауыл» партиясы «Бірлік» партиясымен бірігуден бас тартты

/image/2020/09/09/crop-91_10_826x1101_3.jpg

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевтың сөзінше «Бірлік» партиясының бұл ұсынысы биылғы жылы келіп түскен. Ұсыныс келіп түскеннен кейін «Ауыл» партиясының Саяси кеңес Президиумының шешімімен  «Бірлік» партиясының қызметі мен бағдарламалық құжаттарын зерделеу бойынша жұмыс тобы құрылған.

      Жұмыс тобының жетекшісі Сейтжанов Қ.Қ. съезд делегаттарын жұмыс тобының қортынды есебімен таныстырды. Жұмыс тобының жетекшісі «Бірлік» партиясының еліміздің  саяси – қоғамдық өміріне араласу белсенділігінің төмен екендігін айта келе,  партияның құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыстарда тұрақтылық пен бірізділік жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ ол жұмыс тобының «Бірлік» партиясының жарғысы мен бағдарламасына жылдар бойы өзгерістер енгізілмегендіктен ондағы көптеген мәселелер заманауи саяси жағдаятта өзінің өзектілігін жойған» деген пікірін съезд делегаттарына жеткізді. Сейтжанов Қ.Қ. өз сөзін « «Бірлік» партиясының қосылуы «Ауыл» партиясына ешқандай да саяси бедел әпермейді» деп түйіндеді. qamshy.kz

Жұмыс тобының есебінен кейін Акбердиев Ф.А., Садырбаев А.Ж. және Оразбаев Ғ.Ж. сияқты съезд делегаттары жарыссөзге шығып, өз пікірлерін білдірді. Дауысқа салу барысында делегаттардың басым бөлігі жұмыс тобының  қортындысын қолдап, «Бірлік» саяси партиясының «Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясына қосылу туралы ұсынысына қарсы дауыс берді. qamshy.kz

Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының кезектен тыс съезінде ««Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясының Саяси кеңес Президиумының құрамына өзгерістер енгізу туралы» мәселе қарастырылды. Съезд делегаттарының бірауыздан қолдауымен   еңбек және әлеуметтік қорғау экс вице- министрі Жакупова Светлана Қабыкенқызы, э.ғ.д., «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының кеңесшісі Ербол Есенеев, «Шопан-ата» Ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмазбек Садырбаев және «Ауыл» ХДПП жастар қанатының өкілі Әйгерім Көкеева Партияның Саяси кеңес Президиумының құрамына енді.

Съезд жұмысынан кейін Саяси кеңестің шешімімен Қайрат Айтуғанов және Светлана «Жакупова «Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары болып сайланды.

 

«Ауыл» Халықтық – демократиялық

патриоттық партиясының 

баспасөз қызметі 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар