Алексей Цой: Коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз

/image/2020/09/10/crop-47_10_661x882__13.jpg

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқынына дайындық жүріп жатқандығын айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

– Біз көршілес мемлекеттерге мониторинг жүргізіп, бақылап отырамыз. Сондай-ақ Еуропа аймағында орналасқан (Италия, Испания, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея) мемлекеттерін де қарап, аурудың күрт өскенін байқаймыз. ТМД елдерінде індеттің өсуі 0,5% құрайды, бұл біздің елге қарағанда 5 есе жоғары көрсеткіш, – дейді ол.

Министр өз сөзінде әлемдік пандемияның екінші толқынына дайындалып жатқандығын жеткізді.

– Болып жатқан жағдай бізді алаңдатпауы мүмкін емес. Қазақстан басқа елдер сияқты коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр, – деді Алексей Цой.

Өткен тәулікте 86 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 106 584. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар