Үндістанда коронавирус анықталғандардың саны 6 миллионнан асты

/image/2020/09/28/crop-72_27_345x613_1589959623_ujt.jpg

Үндістанда коронавирус бір тәулікте 88,6 мың адамнан анықталып, вирус жұқтырғандардың жалпы саны алты миллионнан асты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.  

Үндістан коронавирустық оқиғалар саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін АҚШ-та 7,1 миллион адамнан коронавирус анықталған.  

Үндістанның Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігінің мәліметтері бойынша, 5 миллионнан астам адам вирустан жеңіп шыққан.

962 мыңнан астам адам ауруханаларда емделуде. Соңғы тәулікте 6,2 мың адам ауруханаға түскен. Өлім саны 95 мыңнан асты, соңғы тәулікте 1039 адам аурудан қайтыс болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар