Қазақстанның қор биржасында шетел валютасы саудасының таңғы сессиясы аяқталды.
АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа бағамы 428 теңгені құрады.
Айырбастау орындарында доллар 429-430 теңгеден саудаланып жатыр.
Мұнай бағасының айтарлықтай өзгермегеніне қарамастан доллардың не себепті қымбаттап жатқанын ұлттық банктің валюта операциясы департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов түсіндірді.
Оның сөзінше, доллар коронавирустың ықтималды екінші толқыны мен АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында нығая түскен.
Сарапшы пандемияға байланысты дағдарыстың созылуынан кей мемлекеттердің экономикасын оңалту шараларының ұзара түскені, коронавирустың екінші толқынына Еуропадағы алаңдаушылық пен шектеулер АҚШ валютасын қолдауға жағдай жасайтын факторларды қалыптастырғанын атап өтті. Доллар индексінің өсуі мұнай бағасының аздап төмендеуіне әсер еткен.
Пікір қалдыру